Шу қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында № 10 колледж студеттерімен видеоролик түсірілді.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс. Ол әділеттілікті бұзып, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді, елдің болашағына қауіп төндіреді. Әрбір пара алған немесе пара берген әрекет – заңға қарсы қадам. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті.Адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты қару. Егер әрқайсымыз өз ісімізге таза әрі адал атқарсақ, қоғамда сенім мен тәртіп орнайды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Адал болашаққа жол аш!
