Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Шу ауданының №10 колледж студенттерімен өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Шу ауданы ТЖБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әбдуәлі Ә. Шу ауданы ТЖБ аға анықтаушысы
азаматтық қорғау лейтенанты Ишанбеков Ш. іс-шара барысында студенттерге өрттің алдын алу шаралары, электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жазғы шомылу маусымында су айдындарында орын алатын қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік қағидалары жеткізілді.
Қызметкерлер суға рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, мас күйде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керектігі ескертілді.
