Создано: 03 марта 2026
9

№10 Шу колледжінде аудан мектеп оқушыларымен «Profi-Fest» Болашаққа бағыт:

№10 Шу колледжінде аудан мектеп оқушыларымен «Profi-Fest» Болашаққа бағыт: кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын арттыру, еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру екендігі атап өтілді. Байқау тігінші, аспаз, наубай, шаштараз, темір ұста мамандықтарынан ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін көрсетті. Әр мамандық бойынша арнайы тапсырмалар орындалды. Қазылар алқасы жұмыстың сапасына, қауіпсіздік ережелерін сақтауына, уақытты тиімді пайдалануына және шығармашылық қабілетіне қарай бағалады.Байқауға С.Естемесов атындағы орта мектебі, Алға орта мектебі, Абай атындағы орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.Іс-шара оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби жолын саналы таңдауға бағыт берді.«Profi-Fest» Болашаққа бағыт: кәсіби шеберлік байқауы өз мақсатына жетті.Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар марапатталды. Жалпы байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімді құралы екені дәлелденді.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Вложения (0 / 3)
Share Your Location