1959 жылы Қонаев (бұрынғы Ворошилов) селосында таратылған аудандық машина-трактор станциясының (МТС) негізінде №109 селолық ауылшаруашылық училище ашылды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар оқу орны Шу ауданы мен қаласы, Меркі, Мойынқұм аудандарына қызмет көрсетіп, өмірге өз ұстаханасынан 30 мыңнан астам білікті механизатор кадрларына жолдама берді. Аудандағы осы күнгі механизатор кадрларының 80 пайызынан астамы осы білім ұясының түлектері.
Өзін де, өзгені де даңққа бөлеген майталман механизаторлар Социалистік Еңбек Ері «Белбасар»кеншарының механизаторы Ж.Құрманбаев, Ленин ауылының үш мәрте Ленин орденінің иегері, механизатор –шопан болған Серік Оңласынов , «Халықтар достығы» орденінің иегері,С.Естемесов атындағы колхоздың механизаторы Көшен Ахметбаев, «Жаңа жол» совхозының механизаторы Александр Юрк және Киров совхозының механизаторы қызы Шайыргүл Канафинова «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Училищеде еңбек жолын бастап ,білімі мен іскерлігін ұштап ,басшылық қызметтерге келген Жетпісбаев Тұрсын, Досжанов Жаныс, Өміралиев Ержан, Шу халқына белгілі азаматтар.
Колледжіміз училище кезінде 1959-1960 жж. Механизатор кадрларын 3 айлық қысқа, кейіннен 1-2 жылдық курстарда даярласа,1980 жылдан бастап түлектер оқу мазмұнына қарай орта білім туралы аттестатты қоса алатын дәрежеге жетті. Кәсіптік білім беру мекемесінің атауы да өзгеріп тұрды:
1959-1980 жж. УМСХ №109
1980-2000 жж. СПТу -18
2000 жылдан ПТШ -10
2002 жылдан КМ №10
2010 жылдан №10 кәсіптік лицей
2012 жылдан №10 Шу колледжі аталды.
Тарихи деректер бойынша төмендегі қызметкерлер директор болып жұмыс атқарған:
1.Куракин Иван Семенович - 1959-1962 жж
2.Раптаев Ә - 1962-1963 жж
3.Шубаев Мырзақұл - 1963-1970 жж
4.Алиев Терең - 1970-1978 жж
5.Өксікбаев Камал - 1978-1986 жж
6. Малдыбаев Шалғынбай - 1986-2005 жж
7.Байтанаев Али Шаймерденұлы - 2005-2014 жж
8.Буралкиев Сағат Ақжолұлы - 2014 - 2015 жж
9. Мусаева Токжан Тоқтарбайқызы 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
Колледж мемлекеттің қамқорлығының арқасында 1989 жылы аумағы 12 гектарды алып жатқан кешенді жаңа жайға қоныстанған. 100 орындық жатақхана, асхана, оқу кабинеттері, зертханалар, жабық техника сақтайтын 3 шеберхана бар.
Шу ауданы, Төле би ауылында 480 орындық жаңа типтік кешенге орналасқан ғимарат пайдалануға берілді.