Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Оқу түрі бюджеттік және ақылы негізде.
Студенттерге өте жақсы және жақсы үлгеріміне мемлекеттік шәкірт ақы төленеді.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан білімгерлер бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Шалғай ауылдардан келгендерге жатақханадан орын беріледі.
Жол жүруге жеңілдетілген көмек ретінде жол ақысы төленеді.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы
Мақсаты: тегін бірінші жұмысшы кәсібін алу үшін жағдай жасау
Артықшылығы:
бір немесе одан да көп жұмысшы кәсібін алу;
модульдік бағдарламалар бойынша оқыту;
еңбек нарығына дипломмен шығу мүмкіндігі;
білімгерлерді тегін жолақымен қамтамасыз ету;
білімгерлерге шәкіртақы төлеу;
білімгерлерді ыстық тамақпен қамту;
Оқыту мерзімі: 1 айдан 3 жылға дейін
Жобаға қамтылатындар:
мектептердің 9-11 сынып бітірушілері;
жұмыссыз азаматтар;
жұмысшы біліктілігі жоқ 29 жасқа дейінгі жастар;
өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар;
осал топтардан шыққан адамдар.