Created: 30 Қараша 2024
80

Сіздерді 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты үшінші отырысында: «Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. Мен Мемлекет басшысы ретінде азаматтардың, әсіресе жастардың, көзі ашық, дүниетанымы кең болғанын қалаймын. Жастар еліміздің барлық аймағын бірдей жақсы көріп, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал», – деп атап өткен болатын. Студенттік шақ – өмірдің ең қызық та шуақты жарқын сәттерінің бірі. Халықаралық студенттер күнінде сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, білім, ғылым жолында үлкен табыстар тілейміз!



Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location