Бүгін колледжімізге М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің кәсіби бағдарға жауапты маманы мен 9-сынып оқушылары келді. Кәсіптік бағдар — мектеп оқушыларына өз қабілеттерін, қызығушылықтарын және болашақ мамандықтарын анықтау бағытында көмек көрсететін процесс. Бұл оқушыларға өздеріне қолайлы және болашақта сұранысқа ие мамандықтарды таңдау үшін қажетті ақпарат беруді көздейді. Оқушыларға колледждің ұсынатын мамандықтарының қазіргі және болашақтағы еңбек нарығындағы сұранысы туралы мәліметтер берілді.