Created: 08 Қазан 2025
18

Жаңа мамандық ашу – колледж үшін үлкен, әрі маңызды процесс

Ол нарық қажеттілігін зерттеу, мамандық атауын анықтау, оқу жоспарын, материалдық-техникалық база дайындау және компаниялармен әріптестік жасау кезеңдерінен тұрады.

Осы орайда “Шэнтай” компаниясының басшылығымен Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Н. Ә. Оршубековпен №10 Шу колледжінде ынтымақтастық аясында кездесу өтті.

Компания мен колледж арасындағы ынтымақтастық – бұл білім беру ұйымы мен еңбек нарығы арасындағы көпір. Сондай-ақ екі тараптың ортақ мүдделерін біріктіру, білім мен тәжірибені ұштастыру, студенттеріміздің кәсіби дамуына жол ашу, еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлау бағытындағы маңызды қадам.

Компания материалдық-техникалық базамен қолдау көрсетеді, ал колледж білікті мамандарды даярлайды.

Алдағы уақытта өзара тиімді, нәтижелі, әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайды деп сенеміз.



Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location