2 қазан – ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ерекше шара ұйымдастырылды.
«Білім алмасу» атты шеберлік сыныбында студентіміз педагог рөлін орындап, 20 минуттық сабақ өткізді. Бұл – жас маманға деген сенімнің, ұстаз бен студент арасындағы шығармашылық серіктестіктің айқын көрінісі.
Осындай іс-шаралар студенттердің кәсіби дамуына жол ашып, болашақ педагогтарға үлкен тәжірибе сыйлайды.

