Created: 29 Қараша 2025
13

"Мамандық таңдау - маңызды қадам"

"МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ"

Бүгін ауданымыздағы іргелі білім ошақтарының бірі №10 Шу колледжінде «Мамандық таңдау - маңызды қадам» атты ашық есік күні өтіп, оған 10 мамандық бойынша 20 мектептен білім саласындағы жоғарғы сынып оқушылары мен білімгерлер қатысып жұмысшы мамандықтарға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Шара басында колледж білімгерлерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандар бойынша Аспаздық, Наубайхана, Шаштараз, Агрономия және Дәнекерлеу мамандығына арнайы жасақталған жұмыстарымен таныстырылды.Одан әрі жиналған қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасын аралап, оның алдағы жұмыстары туралы ой бөлісті. Ал, №10 Шу колледжінің басшылығы осындай игі шараның әлі де жалғасын табатындығына сенімді екендігін айтты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location