Created: 06 Желтоқсан 2025
640

Колледж студенттері «Qarzhy Saqshysy» интерактивті ойынын меңгеруде

Мұндағы мақсат студенттердің қаржылық сауаттын арттыру. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асқан жобаны Оқу - ағарту министрлігінің қолдауымен AML Academy және Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген.

Жасөспірімдер фишинг, телефон арқылы алдау, қаржы пирамидалары және дропперлік сияқты қауіптерге жиі тап болады. Қауіпті дер кезінде сезіп, қорғану үшін жастар белсенді қолданатын интерактивті құралдардың көмегі зор.

«Qarzhy Saqshysy» ойыны шағын - кейстер және алаяқтық жоспарға негізделген сұрақтардан тұрады. Жүйе бірнеше нұсқа ұсынады. Ал ойыншы ең қауіпсіз және тиімді жолды таңдауы тиіс. Бұл дереккөздерді тексеру, күдікті сұрақтарға мән беру және ғаламтордағы қауіпті әрекеттерден аулақ болуға үйретеді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location