Created: 15 Желтоқсан 2025
13

«Lokomotive Skills»

№10 Шу колледжінде «Lokomotive Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа облыстан келген колледж студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ортаға салды. Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушы студенттер өз шеберліктерін жан - жақты көрсете білді. Қорытындысында байқау өз мәресіне жетіп, үздік нәтижеге ие болған колледж студенттері жүлделі орындармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұл байқау - теміржол саласының болашақ мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және өз қабілеттерін танытуға үлкен мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location