Created: 22 Сәуiр 2026
16

«PROFI – 2026» кәсіби байқауы жоғары деңгейде өткізілді

"Жастар ресурстық орталығы" және №10 Шу колледжімен бірлесіп «PROFI – 2026» кәсіби байқауы жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған байқау 4 мамандық бойынша ұйымдастырылды: аспазшы, электромонтер, дәнекерлеуші және тігінші. Қатысушылар өз салалары бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.
Байқау нәтижесінде әр мамандық бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға арнайы дипломдармен естелік сыйлықтары табысталды.
Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің нәтижесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Бұл байқау – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастарды адал еңбекке, кәсіби дамуға ынталандыратын маңызды алаң.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location