Created: 25 Сәуiр 2026
8

Кәсіптік білімнің болашағы зор

Қазір өндіріс пен ауыл шаруашылығы мамандары тапшы. Осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында облыстағы барлық кәсіптік колледждер жұмысшы мамандықтар даярлауды қолға алды. Соның бірі №10-шы Шу колледжі аймақтағы бірқатар кәсіпорындармен өзара мемарандумға отырған. Аталған оқу орыны базасынан бүгінде сұранысқа сай агрономия мамандығы ашылып отыр.
1989 жылы іргесі қаланған Шу колледжі ауылшаруашылығына қажетті мамандар даярлауды соңғы кезде тың серпінмен қолға алуда. Былтырдан бері агрономия мамандығы да ашылған. Ол үшін «Қызылша жер» серіктестігімен екі жақты меморандумға ол қойған. Міне келісім шарт бойынша оқу орнының материалдық базасын жабдықтауға аталмыш серіктестік 24 миллион 500 мың теңге бөліп, заманауи үлгідегі апараттар мен оқу құралдарын алуға көмектерін көрсеткен. Енді тек студенттер білім алуы керек.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location