2026 жылғы 15 қазанда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен №10 Шу колледжінің базасында колледж педагогтері арасында «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және озық тәжірибелерді насихаттау.
Конкурс барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, кондитерлік өнімдерді дайындау және безендіру бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.
Педагогтер өнім дайындаудағы технологиялық талаптарды сақтай отырып, шығармашылық ізденістерін, кәсіби дағдылары мен заманауи кондитерлік әдіс-тәсілдерді қолдану қабілеттерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша №10 Шу колледжінің өндірістік оқыту шебері Жасыбаева Кундузай Досжановна республикалық кезеңге жолдама алды.
Created: 16 Қазан 2026
27

